О созыве внеочередной 31-й сессии Бокейординского районного маслихата

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

 

 

РЕШЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ БОКЕЙОРДИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

 

 

 

 

2025 жылғы  11 қыркүйек                                                                                           №30 

 

 

         Сайқын ауылы                                                                                                                   село Сайхин    

 

Аудандық мәслихаттың кезектен            тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына                сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының  кезектен тыс отыз бірінші сессиясы    2025 жылдың 17  - қыркүйек  күні  аудан әкімі аппаратының мәжіліс залына сағат -11:00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-1 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-3 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-5 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-6 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Басқа да мәселелер.

 

               Бөкей ордасы аудандық

                    мәслихат төрағасы:                                        Л.Қайырғалиева

 

О созыве внеочередной 31-й сессии Бокейординского районного маслихата
Дата публикации
11 сентября 2025