Решение Бокейординского районного маслихата от 5 сентября 2025 года №30-5

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №106  «Бюджеттік комиссия құру туралы» қаулысын бекіту туралы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        1Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №106  «Бюджеттік комиссия құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия құрамы және ережесі  қосымшаларға сай бекітілсін.

  1. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат төрағасы                                Л.Қайырғалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ

ӘКIМДІГІ

  ҚАУЛЫ

 

2025 жыл 13 тамыз № 106

Сайқын ауылы

 

 

 

АКИМАТ

БОКЕЙОРДИНСКОГО РАЙОНА

    ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

   село Сайхин

 

 

 

 

Бюджеттік комиссия құру туралы

 Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджеттік кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес, бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді, бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттік комиссия құрылсын.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының бюджеттік комиссияның Ережесі бекітілсін.
  3. Осын қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
  4. Осы қаулы комиссияның дербес құрамын бекіту үшін Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылсын.
  5. Осын қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мухамбетжановқа жүктелсін.

 

  Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                   К.Нуршинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 13 тамыздағы №106

қаулысына

қосымша

 

 

 

Бюджеттік комиссияның құрамы

 

№

Аты жөні

Лауазымы

Ескертпе

1

Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы

аудан әкімі

комиссия төрағасы

2

Мұхамбетжанов Азамат Ермекұлы

аудан  әкімінің  орынбасары

комиссия төрағасының орынбасары

3

Абдуллина Раушан Шәйдукқызы

аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

4

Нуршинов Кенесары Бекболатұлы

аудан  әкімінің  орынбасары

 

5

Қайырғалиева Лариса Тельманқызы

аудандық мәслихаттың төрағасы

келісім бойынша

6

Ажғалиев Асқар Ғайноллаұлы

аудан әкімі аппаратының басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

2025 жылғы 13 тамыздағы №106 аудан әкімдігінің қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Бөкей ордасы ауданның бюджеттік комиссиясы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Бөкей ордасы ауданның бюджеттік комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін ауданның бюджеттік комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.
  3. Комиссияның қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

 

  1. Комиссия қызметінің мақсаты

 

  1. Жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және бюджетті жоспарлау мен атқару бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсаттары болып табылады.

 

  1. Комиссияның міндеттері мен функциялары

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау, бюджеттерді нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 73-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші абзацында көзделген жағдайда ұсыныстар әзірлеу;

4) осы Кодекстің ережелерін іске асыру үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) шығыстарға шолу, бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

         6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу.

7) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

  1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) комиссия жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және анықтайды:

алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан бюджетінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің болжамды көрсеткіштерін;

ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру тәсілдерін;

бюджеттік қаражатты жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

аудан бюджеті шығыстарының лимиттерін;

жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды;

бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру көздері мен тетіктерін;

жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған және облыстық бюджеттен дамуға және несиелендіруге нысаналы трансферттер көздейтін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін;

 2) комиссия жұмыс органы дайындаған материалдарды қарастыру және шешімдер қабылдау бойынша:

әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамын мақұлдау;

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын мақұлдау;

жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуын мақұлдау;

өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері тиімділігін бағалау;

алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер және бюджеттік жоспарлау бойынша жергілікті өкілетті орган қорытындылары;

жоспарлы кезеңіне арналған аудан бюджеті туралы шешім жобасы;

жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюн немесе түсімдерінің қысқаруын көздейтін аудан әкімдігінің қаулылар жобалары;

тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін нақтылау;

бюджеттік өтінімдерді қарастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті өкілетті органның арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Комиссия құқықтары

 

  1. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

1) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

4) комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқылы.

 

  1. Комиссия қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі

 

  1. Комиссияның құрамы аудан әкімдігімен айқындалады.
  2. Комиссия құрамына:

1) комиссия төрағасы;

2) комиссия төрағасының орынбасары;

3) комиссия хатшысы;

4) комиссия мүшелері кіреді,сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың , ауылдың,кенттердің,ауылдық округтердің әкімдері кіреді.

  1. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдері іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ол тағайындаған комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
  2. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
  3. Комиссия мүшелері отырыстарға қатысу бойынша өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
  4. Жұмыс жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Облыстық бюджет жобасын әзірлеу кезінде комиссия жұмысының жоспар-кестесі жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережелерінде айқындалған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
  5. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер, олар үшін комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
  6. Комиссия отырыстары күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын жағдайларда комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделіп, оған төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар, ол отырыстың хаттамасына қоса тігіледі.
  7. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.
  8. Комиссия жұмыс органы мемлекеттік жоспарлау бойынша жергілікті өкілетті орган болып табылады.
  9. Комиссия отырыстары арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.
  10. Жұмыс органының функциялары комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне тарату, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешімдерінен көшірмелер жіберу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар болып табылады.

 

  1. Комиссия қызметін тоқтату

 

  1. Аудан әкімдігі комиссия қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                              2025 жылғы 13 тамыздағы №106

                                                                                                           аудан әкімдігінің қаулысына

                                                                                                                             3- қосымша

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің жойылған кейбір

қаулыларының тізбесі

 

  1. 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысы.
  2. 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №220 «          2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.
  3. 2019 жылғы 18 наурыздағы №71 « 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.
  4. 2019 жылғы 23 қазандағы №196 « 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.
  5. 2020 жыл 31 қаңтардағы №15 «2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен енгізілген өзгерістер.
  6. 2020 жыл 2 желтоқсандағы №208 « 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.
  7. 2021 жылғы 30 наурыздағы №48 « 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.
  8. 2023 жылғы 16 қаңтардағы №6 « 2017 жылғы 19 қыркүйектегі №146 «Бюджет комиссия құру туралы» Бөкей ордасы аудан әкімдігінің қаулысымен  енгізілген өзгерістер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Решение Бокейординского районного маслихата от 5 сентября 2025 года №30-5
Дата публикации
10 сентября 2025