Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 наурыздағы №28-9 шешімі

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 8-1 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Бөкей одасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 қазандағы № 8-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7276-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6-тармақтың 31) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай–ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

мәслихат төрағасы

 

Л. Кайргалиева

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.04.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7510-07 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Бокейординский районный маслихат - Председатель маслихата Лариса Тельмановна Кайргалиева, 31.03.2025 14:27:10, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Акимат Западно-Казахстанской области - заместитель акима области Каиржан Ермекович Мендигалиев, 01.04.2025 16:47:29, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 наурыздағы №28-9 шешімі
Дата публикации
03 апреля 2025