Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу туралы конкурс
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Бөкей ордасы аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы -11 адам.
Конкурсқа қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Бөкей ордасы ауданында тұратын коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
Сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
Психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші.
Өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және қоғамдық қызметі туралы;
Сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
Психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Жоғарыда аталған құжаттарды Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратына, аудандық «Орда жұлдызы» қоғамдық-саяси газетіне жариялаған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде, төменде көрсетілген мекен-жай бойынша жолдау қажет:
Индекс: 090200, БҚО Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 үй, ІІ-ші қабат, телефон: 8-711-40-21-7-47, электрондық пошта: bokei_maslihat@mail.ru
Бөкей ордасы аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы.
Кімге: Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына
Т.А.Ә. _______________________________
________________________________
жеке куәлік № _______________________
__________________________берілді.
_________________________________
_______________________________
мекенжайы бойынша тұратын.
Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидатураны ұсыну туралы
ӨТІНІШ
Мен, ______________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты)
Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.
Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестікті растаймын.
Мен мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) жеке куәлік;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10- бабы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.
Осы өтінішпен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы;
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін.
«____ » _____ 2025 ж. __________________ _____________________________________
(қолтаңбасы) (қолтаңбаның толық жазылуы)