Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша хабарландыру
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты Бөкей ордасы ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10- тармағына сәйкес қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.
Байқаушы болуға ниет білдірген адам аудандық мәслихатқа Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін Үлгілік ереженің 2- қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады не (bokei_maslihat@mail.ru), электрондық поштасына жібереді.
2024 жылдың 25 желтоқсаның қоса алғанда құжаттар келесі мекен жай бойынша қабылданады: БҚО Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 үй, ІІ-ші қабат, телефон: 8-711-40-21-7-47, электрондық пошта: bokei_maslihat@mail.ru
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты
|
Қоғамдық кеңес туралы Нысан |
|
|
|
Кімге _________________________ _____________________________ __________________________ _________________________ тұратын ____________________________ ___________________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _____________________________________________________
2) _____________________________________________________
3) _____________________________________________________
4) _____________________________________________________
5) _____________________________________________________
6) _____________________________________________________
7) _____________________________________________________
20___ жылғы «__»______ Өтініш берушінің қолы ___________