Бөкей ордасы ауданының
«Құрметті азаматы» атағын
беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 33-бабының 3-1 тармағын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімінің ұсынысы бойынша төмендегі азаматтарға жемісті қоғамдық қызметі және сіңірген еңбектерінің танылуының белгісі ретінде Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсін:
- Темірғалиев Сембіғали Ихсанұлы – білім саласының ардагері.
- Насимуллин Жамбыл Мұратұлы– ауыл шаруашылығы саласының ардагері.
- Сүндетов Әбілхата – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «А.Сүндетов» шаруа қожалығының жетекшісі.
- Хабиев Қазболат Бұланайұлы - ауыл шаруашылығы саласының ардагері.
- Момынов Мәлік Оразұлы – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Ораз» шаруа қожалығының жетекшісі.
- Ламашева Әсима Әсетқызы – денсаулық саласының ардагері.
- Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева