Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
Х А Б А Р Ы
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларында бос орындар болуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды:
4.№73 Ұялы учаскелік сайлау комиссиясының құрамына – 1 орын.
Саяси партиялардан сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 29 шілдесінен 13 тамызға дейін.
Белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөкей ордасы аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі №31, ІІ- қабатта сағат 9-00ден 18-00ге дейін қабылдайды.
Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Жексенұлы Айтқалиев, байланыс телефоны 8(71140)21747.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес болуға тиіс және Бөкей ордасы ауданы аумағында тұруға тиіс.
1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды;
2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;
3) аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің аудандық мәслихат төрағасына нысан бойынша өтініші;
4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдау сұралады.
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты