Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

    Бөкей ордасы аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 - бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша келесі округтік сайлау комиссияларында бос орындар пайда болғанын хабарлайды:

 

          №1 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Сайқын округтік сайлау комиссиясы.  1 адам.

Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Масин көшесі, 1А.

           №2 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Оңтүстік округтік сайлау комиссиясы. 2 адам.

Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 27.

           №3 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Солтүстік округтік сайлау комиссиясы. 2 адам.

Комиссия мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Әзірбаев көшесі, 10/1.

            №5 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Бисен округтік сайлау комиссиясы. 3 адам.

Мекенжайы Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, Б.Жәнекешов көшесі 18.

            №6 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Темір Масин округтік сайлау комиссиясы. 1 адам.

Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, Губашев көшесі, 7.

            №8 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Ұялы округтік сайлау комиссиясы. Комиссия мекенжайы: 2 адам.

 Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылы, Аубакиров көшесі, 7.

            №9 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Орда округтік сайлау комиссиясы. 4 адам.

Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы, Ғ.Зарипов көшесі, 17.

            №10 Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі Қарасу округтік сайлау комиссиясы. 1 адам.

 Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Қарасу ауылы, 1У көшесі,15.

 

 

    Әрбір саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр үміткер ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың округтік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі 2024 жылдың 5 наурызынан 25 наурызына дейін белгіленеді.

    Мәслихат белгiлеген мерзіміне саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

    Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер белгіленген уақытта тиісті мәслихаттарға нақты сайлау комиссияларға ұсынған кандидатуралардың тізімін және оған қоса мына құжаттарды ұсынады:

  1. Саяси партияның және жарғы бойынша тиісті уәкілеттігі бар өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрамдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсынатыны туралы үзіндінің көшірмесі.
  2. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктің, не оның құрылымдық бөлiмшесiнің әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi.
  3. Сайлау комиссиясының нөмірін көрсете отырып, кандидаттың сайлау комиссиясының  жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiші.

    Құжаттарды толтыру кезінде деректерге қате жібермеу мақсатында аудандық мәслихат ұсынылған кандидатураның өтінішіне қоса жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуды сұрайды.

Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөкей ордасы аудандық мәслихаты мына мекен-жайда:                  БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков к-сі, 31, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (жұмыс күндері) қабылдайды.

   Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты - аудандық мәслихат аппаратының басшысы Е.Айтқалиев, телефон: 8-711-40-21-7-47.

 

Л.Қайырғалиева,

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының төрағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ХАБАРЫ
Дата публикации
04 марта 2024