Бөкей ордасы ауданының
«Құрметті азаматы» атағын
беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 33-бабының 3-1 тармағын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімінің ұсынысы бойынша төмендегі азаматтарға жемісті қоғамдық қызметі және сіңірген еңбектерінің танылуының белгісі ретінде Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсін:
- Ильясова Күләш Сабырғалиқызы – еңбек ардагері
- Рахметуллин Даулеткерей Рахметоллаұлы - еңбек ардагері
- Минажев Молдабай Салауатұлы - еңбек ардагері
- Саматов Талғат Ибрайымұлы - еңбек ардагері
- Құлшар Мәлік Иманқұлұлы - еңбек ардагері
- Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева