|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
|
|
РЕШЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ БОКЕЙОРДИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
|
|
|
2023 жылғы 20 қыркүйек №6
Сайқын ауылы село Сайхин
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы 2023 жылдың 25 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залына сағат 15:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
- «Бөкей ордасы ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы» Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 15-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- «2023 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Басқа да мәселелер.
Бөкей ордасы аудандық
мәслихат төрағасы: Л.Қайырғалиева