Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің басшысы – А.Т. Алимбаева төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларымен видеоконференцбайланыс форматында кеңес өтті, онда білім беру ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары қаралды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Bilim Class.
2. «Әлеуметтік әмиян».
3. Білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындары.
4. Өнер мектебіндегі (ДШИ) бағыттардың толықтырылуы, орын алған мәселелер және оларды шешу жолдары.
5. Старттық бақылау жұмыстарының нәтижелері.
6. Әртүрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша: ауданның барлық білім беру ұйымдары жүйеге қажетті мәліметтерді 100% толтыруды қамтамасыз еткені атап өтілді. Басшыларға осы бағыттағы жұмысты жалғастыру және жүйедегі мәліметтердің уақытылы әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Екінші мәселе бойынша: білім беру ұйымдарының асханаларында ваучерлерді тіркеу және оларды уақтылы сканерлеу мәселелері талқыланды. Басшыларға аталған рәсімдердің дұрыс әрі уақытылы жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үшінші мәселе бойынша: білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілу жағдайы қаралып, қолда бар бос жұмыс орындары және оларды жедел түрде толықтыру бойынша қажетті шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.
Төртінші мәселе бойынша: әртүрлі бағыттардың толықтырылу деңгейі қаралып, орын алған мәселелер айқындалып, оларды шешу бойынша тиісті шаралар белгіленді. Балаларды үйірмелер мен қосымша білім беру сабақтарына тартуға және қосымша білім беру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Бесінші мәселе бойынша: білім алушылардың білім деңгейін бастапқы диагностикалау нәтижелеріне талдау жүргізілді. Білім сапасын арттыру және анықталған олқылықтарды жою бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Әртүрлі мәселелер бойынша: «Кітап оқитын ұлт» акциясына ұйымдар мен қатысушыларды тіркеу мәселелері, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы ағаш терезелерді жылыту (утепление) бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі талқыланды.
Аумақтарды абаттандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Білім беру ұйымдарының басшыларына ұйымдардың аумағында, сондай-ақ оған іргелес 5 метр радиустағы аумақта шөп пен қураған өсімдіктерді уақтылы шабуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, қаралған мәселелер бойынша бақылауды күшейту және білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыру тапсырылды.