Ұлттық мектеп лигасының жеңіл атлетикадан аудандық жарыстары
2026 жылғы 8 қыркүйекте Май ауылының жергілікті стадионында 7–8 және 9–11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының жеңіл атлетикадан аудандық жарысы өтті.
Жеңіл атлетикалық кроссқа ауданның 10 білім беру ұйымынан 95 оқушы қатысты:
Береговой ЖББМ, Красносельск ЖББМ, Набережный ЖББМ,С.Ерғалиев атындағы ЖББМ, Б. Майлин атындағы ЖББМ, Тобыл ЖББМ, №1 Тобыл ЖББМ, №2 Тобыл ЖББМ, Нагорный НОМ, Николаев НОМ.
Жарыс бағдарламасы 4 қашықтық түрін қамтыды. Жүгіру нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Қыздар (7–8 сыныптар):
1-орын — Май ЖББМ
2-орын — Тобыл ЖББМ
3-орын — №2 Тобыл ЖББМ
Қыздар (9–11 сыныптар):
1-орын — Красносельск ЖББМ
2-орын — Май ЖББМ
3-орын — Тобыл ЖББМ
Ұлдар (7–8 сыныптар):
1-орын — Май ЖББМ
2-орын — Нагорный НОМ
3-орын — Тобыл ЖББМ
Ұлдар (9–11 сыныптар):
1-орын — Май ЖББМ
2-орын — Тобыл ЖББМ
3-орын — Набережный ЖББМ
«Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне оқушыларды сапалы дайындағаны үшін алғыс білдіреді және барлық спортшыларға жаңа жарқын жеңістер мен биік белестер тілейді!