Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің басшысы – А.Т. Алимбаеваның төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларымен видеоконференцбайланыс форматында кеңес өтті, онда білім беру ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары қаралды, түлектерге аттестат тапсыру және мектеп аяқтау іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері қаралған кеңес өткізілді.
Кеңес барысында түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ ата-аналар мен білім алушылардан қаржы жинауға жол берілмейтіні туралы ақпарат қайтадан жеткізілді. Бітіру кештерін ойын-сауық орындарында өткізуге рұқсат етілмейтіні атап өтілді. Кәмелетке толмаған білім алушылар сағат 23:00-ден кейін үйлерінде болуы тиіс екені еске салынды. Білім беру ұйымдарының басшыларына ата-аналарды осы ақпаратпен жеке қолхат арқылы таныстыру тапсырылды.
Балалардың қауіпсіздігі мен белгіленген талаптардың сақталуы мектеп аяқтау іс-шараларын өткізу кезеңіндегі басты басымдықтардың бірі болып қала береді.