2026 жылғы 13-15 ақпан аралығында Лисаков қаласында Ы. Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған мектеп оқушыларының облыстық қысқы Гимназиадасы аясында «Қысқы Президенттік көпсайыс» өтті.
Бейімбет Майлин ауданының намысын Май ЖББМ, Красносельск ЖББМ және Тобыл кентінің 12 оқушысынан құралған құрама команда қорғады. Көпсайыс бағдарламасына сәйкес жарыс үш түрден: нысана көздеу (ату), күш жаттығулары және шаңғы жарысынан тұрды.
Жекелей есептегі үздік нәтижелер (қыздар арасында):
Нысана көздеу (ату):
15-16 жас: 1-орын – Карачева Эвелина (Красносельск ЖББМ)
17-18 жас: 1-орын – Галстян Улета (Май ЖББМ)
Күш жаттығулары:
15-16 жас: 1-орын – Карачева Эвелина (Красносельск ЖББМ)
Үш спорт түрінің қорытындысы бойынша Бейімбет Майлин ауданының командасы облыстың 15 командасы арасынан жүлделі 3-орынды иеленді.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ жеңімпаздарды құттықтайды және алдағы уақытта бұдан да биік спорттық белестерді бағындыруды тілейді!