Меню

Страницы

Статья

Тоғызқұмалақтан облыстық жарыс

2026 жылғы 12–13 ақпан аралығында Қостанай облысы білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар өтті.
Жарыс нәтижелері
2026 жылғы 12 ақпан Сапар Ерғалиевті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Қостанай қаласының №31 мектебі, Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының және Бейімбет Майлин ауданының командалары қатысты.
Жүлделі орындар:
1-орын: Қостанай қаласы, №31 мектеп командасы;
2-орын: Бейімбет Майлин ауданының командасы;
3-орын: Рудный қаласының командасы.
2026 жылғы 13 ақпан Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі мен спорт бөлімі бірлесіп, 9–11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық ұлттық мектеп лигасын өткізді.
Жүлделі орындар:
1-орын: Бейімбет Майлин ауданы, С. Ерғалиев атындағы ЖБМ командасы;
2-орын: Рудный қаласының командасы;
3-орын: Арқалық қаласының командасы.
Алғыс хат
«Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ 12–13 ақпан күндері С. Ерғалиев атындағы мектеп базасында өткен облыстық жарыстарға қатысқан барлық командалар мен қонақтарға шынайы алғысын білдіреді.

Дата публикации
16 февраля 2026
Дата обновления
16 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
23 октября 2026
Патриотизм және мемлекеттілік: жастарды тәрбиелеудегі АӘД-нің рөлі
29 сентября 2026
Білім бөлімі кеңесі
22 сентября 2026
Білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы