GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
17 октября 2026
Батыс Қазақстан облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді.

Анонс

17.10.2026, 10:00

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Батыс Қазақстан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


 

«Republic Day» және «Bereke Fest»

республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі:

 «Republic Day» акциясы

«City Center» ойын-сауық кешені

Орал қ., Абай даң., 101

«Орал» ойын-сауық кешені

Орал қ., Әбілхайыр хан даң., 179

«Урал» сауда үйі

Орал қ., Құрманғазы көш., 175

«Dom Byta» сауда орталығы

Орал қ., Құрманғазы көш., 173/1

«Alem Plaza» сауда орталығы

Орал қ., Абай даң., 59/1

«Атриум» сауда орталығы

Орал қ., Д.Нұрпеисова көш., 17/1

«Школьник сауда үйі

Орал қ., Құрманғазы көш., 152

«Аяжан» сауда үйі

Орал қ., Әбілхайыр хан даң., 80

«Мега Строй» сауда үйі

Орал қ., Есқалиев көш., 305

«Jarsuat» сауда орталығы

Ақсай қ., Жастар көш., 13

 

«Bereke Fest» акциясы

«Оптомаркет» супермаркеті

Орал қ., Шолохов көш., 2/8

«Food Line market» супермаркеті

Орал қ., М.Мәметова көш., 69

«Food Line market» супермаркеті

Орал қ., С.Датов көш., 21 («Променад» сауда үйі)

«Алтындар» гипермаркеті

Орал қ., С.Датов көш., 30

«Алтындар» супермаркеті

Орал қ., Қазығұрт көш., 32

«Алтындар» супермаркеті

Ақсай қ., 5 ш.а.

«Алтындар» супермаркеті

Орал қ., Астана көш., 3/1

«Set Sail Food» супермаркеті

Орал қ., Абай даң., 101

«Set Sail Food» супермаркеті

Орал қ., Құрманғазы көш., 173

«Әлеуметтік» супермаркеті

Орал қ., Әбілхайыр хан даң., 157

«Әлеуметтік» супермаркеті

Орал қ., С.Датов көш., 41А («Ел Ырысы» базары)

«Анвар» супермаркеті

Орал қ., Молдағұлова көш., 26/1

«Анвар» супермаркеті

Орал қ., Әбілхайыр хан даң., 78/3

«Суровский» супермаркеті

Орал қ., Абай даң., 61

«Суровский» супермаркеті

Орал қ., Дауымов көш., 69/2

«Назэль» супермаркеті

Орал қ., Самал көш., 70/3

«Назэль» супермаркеті

Орал қ.,Самал көш., 82/3

«Назэль» супермаркеті

Орал қ. Монкеұлы көш., 97

«Пешеход» супермаркеті

Орал қ., Әбілхайыр хан даң., 179

«Пешеход» супермаркеті

Орал қ., Құрманғазы көш., 109

«Пешеход» супермаркеті

Орал қ., Досмұхамедов көш., 48/2

«Пешеход» супермаркеті

Орал қ., Абай даң., 115

«Дина» гипермаркеті

Орал қ., Придорожная көш., 65/2

«Дина» супермаркеті

Орал қ., Д.Нұрпеисова көш., 17/1

 

14 октября 2026
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Бөрлі ауданында «Эко Battle: Қазақша Quiz» өтті

      

       «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Бөрлі ауданында жастардың экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға бағытталған «Эко Battle» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында жастар арасында қазақша «Quiz» интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

       Шараның басты мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін шыңдап, экологиялық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру көзделді.

        Интеллектуалды ойын алты турдан тұрды. Сайысқа ауданның сегіз командасынан 40 белсенді жас қатысып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және экологиялық қауіпсіздік тақырыптары бойынша білімдерін сынады. Қатысушылар өзара білім мен тапқырлықта бәсекеге түсіп, командалық жұмыс пен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.

        Бөрлі аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ басшысы Ардақ Сәкенқызы экологиялық айлық аясында сенбіліктермен қатар, жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған интеллектуалды іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

        «Экологиялық мәдениет тек тазалық сақтаумен немесе сенбілікке қатысумен шектелмейді. Ол ең алдымен адамның табиғатқа деген жауапкершілігінен, күнделікті өмірде қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауынан көрінеді. Сондықтан экологиялық айлық аясында дәстүрлі сенбіліктерден бөлек, жастардың білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтетін интеллектуалды сайыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәселелерге қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға қатысты саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Ардақ Сәкенқызы.

          Шара соңында белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

#ТазаҚазақстан #ЭкоBattle ҚоршағанОртаныҚорғау #ТабиғаттыҚорғайық

07 октября 2026
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті

 

Батыс Қазақстан облысында Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында медициналық мекеменің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейіп, аурухана көпбейінді ауданаралық деңгейге көшеді.

Бүгінде жобаның жалпы дайындығы *90%-ды* құрайды.

Жоба туралы негізгі деректер

- жаңа нысандардың жалпы ауданы - 8 мың шаршы метр
- жоба құны - 4 млрд 526,17 млн теңге
- құрылыс жұмыстарының басталуы - 2025 жылғы қазан
- аяқталу мерзімі - 2026 жылғы желтоқсан

Ауруханада қандай мүмкіндіктер пайда болады?

Жоба аясында перзентхана бөлімшесі кеңейтіліп, жаңа клиникалық-диагностикалық бөлімше ашылады. Сонымен қатар кардиология және травматология бағыттары дамытылып, реанимациядағы төсек-орын саны артады.

Диагностикалық база да күшейтіледі. Ауруханаға МРТ аппараты мен ангиограф орнату жоспарланған. Бұл күрделі диагностикалық зерттеулердің бір бөлігін ауданаралық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Төрт ауданның тұрғындарына қызмет көрсетеді

Жаңғырту жұмыстары аяқталып, жаңа мәртебе берілгеннен кейін аурухана:
- Бөрлі
- Сырым
- Шыңғырлау
- Қаратөбе аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Осының арқасында тұрғындар қажетті диагностика мен стационарлық медициналық көмектің бірқатар түрін тұрғылықты жеріне жақын жерде ала алады.

Жаңа мамандар тартылуда

Инфрақұрылымды дамыту жұмыстарымен қатар аурухананың кадрлық әлеуеті де күшейтілуде. Штат саны *36,75 бірлікке* ұлғайтылды.

Қазірдің өзінде 19 дәрігер жұмысқа кірісті, алдағы уақытта тағы 4 маманның келуі күтілуде.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Бөрлі аудандық ауруханасының базасында заманауи диагностикалық мүмкіндіктері бар көпбейінді ауданаралық медициналық орталық қалыптасады. Бұл Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

05 октября 2026
ОБЛЫС ӘКІМІ СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары аясында Сырым ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, 2023-2026 жылдар ішінде негізгі капиталға 45,8 млрд теңге инвестиция салынды. Егіс көлемі 24,7 мыңнан 31,8 мың гектарға ұлғайып, биыл 33,7 мың тонна өнім жиналды. 417 шаруа қожалығының 384-і мал өсірумен айналысады. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 65 мыңнан 80 мың басқа, жылқы 32 мыңнан 34 526 басқа, түйе 91-ден 116 басқа өскен.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен былтыр Қособа, Бұлдырты, Алғабас және Тасқұдық ауылдарында ветеринариялық пункттер, ал Бұлан, Алғабас, Қарағанды және Жымпиты ауылдарында жаңа мал қорымдары салынды. Жол саласында 18,2 млрд теңгеге 103,6 шақырымды қамтитын 8 жоба жүзеге асырылды. Электр желілерінің тозуы 85%-дан 75%-ға төмендеп, қазір 7 ауылда 77 шақырым желіні жаңарту басталды.

Кейінгі 4 жылдың ішінде 425 пәтер пайдалануға берілді. «Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында 6 елді мекенге 81 адамнан тұратын 16 отбасы көшіп келді. Олар тұрғын үймен қамтылып, жанұя мүшелері жұмысқа орналасты. Биыл Құспанкөлде жаңа мектеп, Өлеңті, Тасқұдық, Бұлдырты және Шағырлой ауылдарында медициналық нысандар салынды. Тоғанаста мәдени-спорт кешені, Жымпитыда заманауи кітапхана бой көтерді.

– Ауданның дамуы тұрғындардың тұрмыс сапасынан көрінуі тиіс. Инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту және халықтың табысын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Әр жобаның нақты нәтижесін тұрғындар сезінуі керек, – деді Нариман Төреғалиев.

Кездесуде апатты үйдің орнына жаңа пәтер алған азаматтар аймақ басшысына алғыс айтты. Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, мектеп салу, спортшылар тасымалы және тағы басқа мәселелер көтерілді. Облыс әкімі әр ұсынысты көппен бірге пысықтап, жауапты құрылымдарға тиісті тапсырмалар берді.

Сырымдықтар ауданда атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

05 октября 2026
СЫРЫМ АУДАНЫНДА 72 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

 

Бүгін Сырым ауданында жалғыз үйі апатты деп танылған 72 отбасы баспаналы болды. Жымпиты ауылында салынған үш қабатты екі үйді пайдалануға беру рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Биыл жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық қордан тұрғын үй беру және бөлу тәртібі жаңартылып, бұл құзырет жергілікті атқарушы органға қайтарылды. Бұған дейін бұл санаттағы азаматтарды баспанамен қамту ісі «Отбасы банк» арқылы жүргізілді.

Облыс әкімі апатты үй тұрғындарын қолдау тетіктерінің кеңейтілуі бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіріп, тың серпін бергенін атап өтті. Жыл соңына дейін осы санат бойынша кезекте тұрған азаматтардың 50 пайызын баспанамен қамту жоспарланып отыр.

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституцияда адамның өмір сапасын жақсарту – мемлекет дамуының ең басты стратегиялық бағыты болып айқындалды. Осы ретте өңір тұрғындарын баспанамен қамту – маңызды міндеттердің бірі. Біз ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын арттыруға ерекше назар аударып отырмыз. Жыл басында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 600-дей азамат тұрғын үй кезегінде тұрған еді. Олардың бірқатарына облыс орталығында, Жаңақала ауданында жаңа пәтерлер берілді. Республика күні қарсаңында қуанышқа кенелген жаңа қоныс иелерін құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!, - деді Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, Сырым ауданында 800-дей азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 160-тан астамында жалғыз үйі апатты деп танылған. Бұл санаттағы отбасыларға келесі жылы тағы 36 пәтердің кілті табысталады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

02 октября 2026
БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ 225 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН МЕН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ


 
Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінде Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңір аудандары мен көршілес Ресей елінің делегациясы, Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Аймақ басшысы мерейтойдың жекелеген өңірдің ғана емес, тұтас еліміздің тарихына ортақ тағылымына тоқталды. 

- Өркениет қалыптастыру ісіндегі жаңашыл бастамалардың арқасында Бөкей ордасы тарихта «тұңғыштар мекені» деген айрықша атауға ие болды. Бұл қасиетті топырақтан ел басқарған хан мен сұлтан, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, ақындар мен ағартушылар шықты. Олардың елге сіңірген еңбегі мен өнегелі жолы Бөкей ордасының тарихын тұтас ұлттың рухани қазынасына айналдырды, - деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімі мерейтойға дайындық жұмыстары 2023 жылдан басталғанын және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шалғайдағы ауданның инфрақұрылымын жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

- Тарихи мұраны дәріптеу қасиетті мекенде өмір сүріп жатқан халыққа қолайлы жағдай жасаумен де сабақтас болуы тиіс. Бүгінде облыс орталығы мен аудан арасындағы жолға қатқыл жабын төселіп, түйткілді мәселе толық шешілді. Хан Ордасына кіреберіс 21 шақырым жол асфальтталды. Мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөнделіп, жаңа спорт кешені салынды. Музей аумағында заманауи визит-орталық пен әкімшілік ғимарат бой көтеріп, кесене жаңғыртылды. Мұның бәрі – қасиетті мекеннің келешегіне салынған инвестиция, өткенімізге тағзым және тарих алдындағы жауапкершілік, - деді аймақ басшысы.

Нариман Төреғалиев танымал театр және кино режиссері, Қазақстанның Халық әртісі, «Жәңгірдің жаңғыруы» деректі фильмінің авторы Талғат Теменовке мазмұнды еңбек үшін өзінің және Жайық жұртшылығы атынан алғыс айтты.

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени дамуына және тарихи мұраны зерттеу мен насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа мерейтойлық медальдар табысталды. Салтанатты рәсім «Ән қонған, күй дарыған – құт Нарын!» атты мерекелік концертке ұласты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

02 октября 2026
ТӨЛ ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ҮШ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

 

Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Хан ордасы ауылында үш кітаптың тұсауы кесілді. Тағылымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Тұсаукесер рәсімінде академик Тұяқбай Рысбековтің «Нарын құмы – тарихтың шежіресі» кітабының екінші басылымы, Хан ордасы музей қорығы қызметкерлері жинақтаған «Архив құжаттарындағы Бөкей ордасының тарихы» еңбегі және Бөкей ордасы ауданы энциклопедиясының үшінші басылымы таныстырылды.

«Нарын құмы – тарихтың шежіресі» еңбегінде Нарын өңірінің табиғаты, тарихы, елдік жолы, тарихи тұлғалары мен мәдени мұрасы кеңінен қамтылған. Ал архивтік жинаққа бұрын көпшілікке белгісіз болған тарихи құжаттар, ресми хаттар, деректер мен фотоматериалдар енгізілген.

Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы тұңғыштар мекенінің өткені мен бүгіні, белгілі тұлғалары, тарихи орындары, мәдениеті мен әлеуметтік дамуы туралы жүйелі анықтамалық деректерді қамтиды.

Салтанатты рәсімде жаңа басылымдардың тұсауы кесіліп, олардың тарихи танымды тереңдету, Бөкей ордасының бай мұрасын насихаттау және құнды деректерді келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы аталып өтті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

02 октября 2026
ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА 14 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 

 

Жаңақала ауданының орталығында жалғыз үйі апатты деп танылған 14 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат депутаты, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Ербол Салықов, мердігер ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. 

Биыл жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамту тетіктері заңнамалық тұрғыда реттеліп, «Реновация» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізілді. Жаңақала ауданында осы санат бойынша 52 тұрғын кезекте тұр. Олардың 14-і ескі баспанасының орнына бой көтерген жаңа үйге орналасты. Көп ұзамай ауданның 3 елді мекенінде тағы 7 пәтер пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтады. Аймақ басшысы халықты баспанамен қамту мемлекет саясатының басым бағыты екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Соның бірі — ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру. Биылдан бастап жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылды. Осы санаттағы отбасыларға Орал қаласын айтпағанда, Сырым және Тасқала аудандарында жаңа пәтерлер береміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, бақ-берекелі болғай!, - деді Нариман Төреғалиев.

Ауыл тұрғындары мемлекет қолдауы үшін зор ризашылығын білдіріп, құрылыстың басы-қасында болған азаматтарға алғыс айтты.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері өңірде 7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның 40 пайызы ауылдық елді мекендерде бой көтерді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

02 октября 2026
САРЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 

 

Жаңақала ауданына қарасты Сарыкөл елді мекенінде жаңа клуб есігін айқара ашты. Бұл — облыста 2023 жылдан бері салынған он алтыншы мәдениет нысаны. Шалғай ауыл тұрғындарының қуанышына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат депутаты, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Ербол Салықов ортақтасты.

Сарыкөл ауылы облыс орталығынан 300 шақырымдай шалғайда жатыр. Мұндағы мәдениет нысаны апатты деп танылған. Бас-аяғы 5 айдың ішінде жаңа ғимарат бой көтерді. Ауылдық клубтың ашылу рәсімінде тұрғындарды облыс әкімі құттықтады. Аймақ басшысы жас ұрпақтың талабын танып, талантын ұштау маңызды міндет екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қала мен ауыл мектептеріндегі айырмашылықты азайту жөнінде нақты міндеттер қойды. Жаңа оқу жылында біз ауылдық елді мекендерде 8 мектепті пайдалануға бердік. Бұл тапсырма тек білім сапасына ғана қатысты емес. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, оларды өнерге баулу да — біздің міндетіміз. Шалғай ауылда ашылған шағын клуб елді мекеннің мәдени-рухани тынысына соны серпін беретініне сенім мол, - деді Нариман Төреғалиев.

Мәдениет үйіндегі концерт залы 80 орынға лайықталған. Мердігер ұйым музыкалық аппаратура мен сахна жабдығын сыйға тартқан. Клубта төрт үйірме жұмыс істейді. Ауылдық кітапхана да осында орналасқан. Әжелер мен келіндер ансамбльдері мәдени-рухани шаралардың ұйытқысына айналды. Тұрғындар игілікті істің басы-қасында болған азаматтарға алғыс айтты.

- 22 жылдан астам уақыт осында клуб меңгерушісі болып жұмыс істедім. Біз қамыс пен қи, кейін көмір жақтық. Сол кездер мен қазіргі жағдайдың арасы жер мен көктей. Уақыт талабына сай су жаңа ғимарат салынды. Қуанышымызда шек жоқ, - деді мәдениет саласының ардагері Меңсұлу Рамазанова.

Ауылдық клубтың айналасы абаттандырылған. Көшеттер отырғызылып, бейнебақылау камералары қойылған. Айта кетейік, өңірде тағы 3 мәдениет үйі салынып жатыр. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

28 сентября 2026
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША KPO B.V. КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙДІ

 

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін KPO b.v.  компаниясына және оның мердігер ұйымдарына өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған KPO b.v. компаниясының басшылығы мен мердігер ұйымдары, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысының орынбасары «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауыл тұрғындарының табысын арттырудағы маңызын атап өтті. 2023-2026 жылдары бағдарлама аясында өңірге 16,6 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, 1746 микрокредит берілді және 2537 жаңа жұмыс орны құрылды.

— KPO b.v. компаниясымен нәтижелі жұмыс жасап, өзара ынтымақтастықты жолға қойып келеміз. Бұл серіктестік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде меморандум аясында компанияға жалпы құны 1 млрд 270 млн теңгенің өнімі жеткізілді. Ендігі міндет – осы жұмысты одан әрі жалғастырып, жаңа келісімшарттар жасасу және өндіріс көлемін арттыру, — деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Меморандум аясында компанияға 48,5 тонна сүт өнімдері, 6 млн 568 мың дана жұмыртқа, 213 тонна ет және 677 тонна көкөніс жеткізілген.

Өңірде зәкірлік кооперацияның төрт негізгі бағыты – ет, сүт, өсімдік шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша өндіріс көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес барысында KPO b.v. компаниясы мен облыс әкімдігі арасында бұрын жасалған меморандумдарды ұзарту, жаңа өндірістік нысандармен келісімшарттар жасау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиын соңында KPO b.v. бизнес-серіктестеріне тамақ өнімдерін жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-мен келісімшарттарға қол қойды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы