
Елордада өткен жәрмеңкеге БҚО-ның 84 тауар өндірушісі қатысып, өз өнімдерін ұсынған болатын.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына 55 тонна сиыр және жылқы еті, 15 тонна әр түрлі шұжықтар мен консервілер, 15 тонна балық, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 2 мың литр өсімдік және 2 тонна сары май, 1 мың литр қымыз, 5 мың литр сусындар, 50 мыңға жуық жұмыртқа және 5 тонна кондитерлік өнімдер ұсынылды.
Жәрмеңкеде барлық ұсынылған өнімдер жалпы сомасы 130 миллион теңгеге сатылды.