Ассамблея достықтың тірегі

Ассамблея достықтың тірегі

Бүгін Достық Үйінде ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке аясында БҚО ҚХА активін облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады.
Өз кезегінде аймақ басшысы ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлігіміздің іргетасы және қоғамымыздың тұрақтылығы, еліміздің табысты дамуының кепілі болып табылатынын атап өтті.
Шара барысында облыс әкімі БҚО ҚХА мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады.