ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай БҚО әкімі Ғали Есқалиев жаңа пәтер кілттерін табыс етті

ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай БҚО әкімі Ғали Есқалиев жаңа пәтер кілттерін табыс етті

Бүгін ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары үшін 9 қабатты 117 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шарада БҚО әкімі Ғали Есқалиев жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті.
Іс-шара барысында өңір басшысы тұрғындарды еліміздің Ата Заңының айтулы мерейтойымен құттықтап, қоныс иелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және құт-береке тіледі.