Ақжайық-Орал бағытында маршруттық жаңа бағдар іске қосылмақ

Ақжайық-Орал бағытында маршруттық жаңа бағдар іске қосылмақ

Жуырда Ақжайық-Орал маршруты бағытында автобус қатынайды. Билет құны Ақжайық ауылына баратындарға 320 теңге, ал «Ақжайық» шипажайына 200 теңге болмақ.

Бүгінге дейін бұл бағытта тұрақты автобус жүрмегендіктен, аталмыш маршрут тұрғындар үшін үлкен қолдау болмақ. Айта кету керек, жолаушылар тасымалымен Теректі ауданындағы Бақыт Батыракова жетекшілік ететін «Жібек жолы» ЖК  айналысады. 19 кісілік ГАЗель күніне екі рет жүреді. Яғни Ақжайық ауылынан шығатын аутобус шипапжайға соғып, Орал қаласына келеді. Екінші, облыс орталығынан шипажайға соғып, ауылға кері оралады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2013 жылдан бері облыс ішілік және ауданаралық маршруттарды субсидиялап келеді. Ақжайық-Орал маршруты бағытында қызмет көрсететін кәсіпкер де демеуқаржыға ие болып отыр.

Облыстық жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Айтмағамбетов Констиция күні қарсаңында жолаушылар тасымалымен, жол-көлік қызметімен айналысатын сала мамандарын мерекемен құттықтап, марапаттады.

Мәселен, «Еңбек ардагері» медалімен «БҚО автобус паркі» ЖШС жүргізушісі Михаил Алямкин мен басқармада еңбек еткен, бүгінде зейнеткер Марат Туркпенов марапатталды. Сонымен қатар бірнеше қызметкер «Құрметті автокөлікші», «Үздік автокөлікші», ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен және алғысхатымен марапатталды.

Айна Имашева