Әкім барша мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айты мерекесімен батысқазақстандықтарды құттықтады.

Әкім барша мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айты мерекесімен батысқазақстандықтарды құттықтады.

Құрметті мұсылман қауым, қадірлі жерлестер!


Баршаңызды күллі мұсылмандар үшін ең ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – жақсылық пен қайырымдылықтың, ізгілік пен мейірімнің мерекесі.

Биыл қасиетке толы мейрамды әдеттегідей көпшілікпен емес, ағайын-тумасыз, дос-жарансыз үйде қарсылауға тура келіп отыр. Бірақ одан ұлық мерекенің қадыр-қасиеті азайып, мәні жоғалмайтыны анық.
Айт күні шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасына зор денсаулық, бақыт, береке, тыныштық, амандық тілеймін!

Айт қабыл болсын, ағайын!

Игі тілекпен, БҚО әкімі Ғали Есқалиев