Ресейлік медицина мамандары БҚО дәрігерлерімен тәжірибе бөлісуде

Ресейлік медицина мамандары БҚО дәрігерлерімен тәжірибе бөлісуде

Қазақстан мен Ресей басшылығы арасындағы қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына ағымдағы жылдың 6 шілдесінде РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гридневтің басшылығымен 32 жетекші маман келді.

Олардың қатарында инфекционистер, реаниматологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар бар. Бұдан әрі РФ мамандары Қазақстан өңірлеріне жұмыс істеуге жіберілді.

Бүгін біздің облысқа эпидемиолог дәрігер Павел Гусевтің басшылығымен 5 ресейлік дәрігерлерден құралған делегация келді. Олар COVID-19 инфекциясымен күрес жолында, өз тәжірибелерімен бөлісумен қатар практикалық жұмыстарымен де айналысатын болады.

Құрамында инфекционист дәрігер Шавкатджон Очилов, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер Аделина Маткаш және Сергей Драчук, сондай-ақ инфекционист дәрігер Риат Канцеров бар.

Делегация Орал қаласының инфекциялық және провизорлық стационарларына бекітілді.

Осылайша, облыстық көпбейінді аурухананың провизорлық стационарында топ жетекшісі дәрігер эпидемиолог Павел Гусев және дәрігер анестезиолог-реаниматолог Сергей Драчук жұмыс жасайтын болады.

Қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар стационарында дәрігер инфекционист Шавкатджон Очилов және дәрігер анестезиолог-реаниматолог Аделина Маткаш еңбек етеді.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандарына инфекционист дәрігер Риат Канцер көмектеседі.
Дәрігерлер арнайы бөлінген қонақ үйіне орналастырылды. Ресейлік мамандар Орал қаласында 2 тамызға дейін болады.