Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 34-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.
Конкурсқа өтініш 2024 жылдың 21-27 маусым аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.
|
№ |
Даярлау бағытының коды және атауы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды |
Білім беру бағдарламалары тобының атауы |
Грант саны |
|
1 |
7R01139 Терапия |
7R011 |
Терапия |
3 |
|
2 |
7R01132 Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың |
7R011 |
Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың |
3 |
|
3 |
7R01117 Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың |
7R011 |
Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың |
3 |
|
4 |
7R01123 Балалар хирургиясы |
7R011 |
Балалар хирургиясы |
2 |
|
5 |
7R01101 Кардиология ересектердің, балалардың |
7R011 |
Кардиология ересектердің, балалардың |
2 |
|
6 |
7R01136 Жалпы хирургия |
7R011 |
Жалпы хирургия |
2 |
|
7 |
7R01114 Радиология |
7R011 |
Радиология |
2 |
|
8 |
7R01105 Гематология ересектердің |
7R011 |
Гематология ересектердің |
1 |
|
9 |
7R01104 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың |
7R011 |
Гастроэнтерология ересектердің, балалардың |
2 |
|
10 |
7R01111 Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың |
7R011 |
Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың |
2 |
|
11 |
7R01106 Балалар онкологиясы және гематологиясы |
7R011 |
Балалар онкологиясы және гематологиясы |
1 |
|
Барлығы: |
23 |
|||