
Құрметті батысқазақстандықтар!
Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанымыздың жүрегі - Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстан жетістіктерінің жарқын көрінісі.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру туралы тағдыршешті шешімі біздің халқымыздың тарихында жаңа кезең ашты.
Қысқа уақыт ішінде Елорда қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналып, барлық қазақстандықтардың бірігуінің символы болды.
Бүгінде еліміздің бас қаласы тек қазақстандықтарды ғана емес, әлемдік қауымдастықты да өзіне тартатын ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығы болып табылады.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, береке-бірлік және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!