Дәріханалардағы дәрілік заттар бойынша

Дәріханалардағы дәрілік заттар бойынша

 


Баршаңызға белгілі, еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде біздің облыста дәрі-дәрмектерге, атап айтқанда, вирусқа қарсы дәрілерге, антибиотиктерге сұраныс артып отыр.

Бүгін қаламыздағы бірнеше дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және олардың бағаларын тексеріп шықтым.

Тексеру барысында «Ланцет» және «Талап» ірі дәріханалар желісі филиалдарының басшылары негізгі қажетті дәрі-дәрмектер, маскалар мен антисептиктер бар екенін айтты. Сонымен бірге, дәріхана иелері дәрілерді үздіксіз жеткізу үшін провайдерлермен күнде хабарласып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасы рұқсат етілген шекті бағадан аспайтынына және бір адамға 5 дана дәріден беру қолға алынғанына көз жеткіздік. Алайда, «109» call-орталығына тұрғындардан дәрілердің бағасын жасанды өсіріп отырған дәріханалар бойынша ақпараттар келіп түсуде. Жағдайды пайдаланып байығысы келетін, дәріні шектік бағадан асырып сататын дәріхана иелерімен жұмыстанатын боламыз.

Дәрі санын шектеп сату уақытша шешім екенін түсінеміз. Себебі, өкінішке қарай, дәріні шамадан тыс артығымен сатып алып жатырған фактілер де кездеседі. Сонымен қатар алыпсатарлар да пайда болып отыр.

Дәріхана қызметкерлері аймақтың тынысын қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындарда алғашқы көмек жинағын жасау ұсынды. Бұл алғашқы көмек жинағы жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері пайда болған сол кәсіпорынның адамдарға берілетін болады. Осылайша, ауру белгілері пайда болған азамат бірден ем алуға кірісіп, дәрігерлерімізге жүктеме азаятын болады.

БҚО-ның әкімі Ғали Есқалиевтің фейсбук парақшасынан