Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау


Облыс әкімінің өкімімен және Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы тағайындалды.
Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы – 1963 жылы туған. Білімі жоғары. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «математика және физика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
- Фурманов ауданы Саралжын орта мектебінің физика және математика мұғалімі;
- Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы бастығының орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы;

2017 жылдың маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.