Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады

Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтады

Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері, ардақты ардагер журналисттер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің» күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, алғырлықты, білімділік пен кәсибілікті талап ететін, қоғамның дамуына ерекше серпіліс беріп, бұқара мен билікті байланыстыратын аса қажетті, маңызды сала.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері мемлекет тарапынан қабылданып жатқан алдын алу шараларды, тұрғындарды қорғау, олардың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды ақпараттандырып, адамзаттың амандығына қауіп төндіріп тұрған кеселді жеңуге қосып жүрген үлестеріңіз бен алғы шептегі еңбектеріңіз үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін!

Сіздерге шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, БҚО-ның әкімі Ғали Есқалиев