Қос мерейтой аталып өтті

Қос мерейтой аталып өтті


Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына, орталықтың 5 жылдығына арналған шара өтті. Індетке байланысты барлық сақтық шараларды сақтай отырып, шағын құрамда өткен «Бес жылдың белесінде» атты мерекелік кеште мекеме қызметкерлері марапатталды. Алдымен шараға келген меймандар Қадыр ақын ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы арнайы келіп, ұжымға ұлы мақсаттарға жету жолында сәттілік тілеп, Қадыр Мырза Әлидің қазақ әдебиетіндегі орнын, соңына өшпес мол мұра қалғанын әңгімеледі. Сондай-ақ, әріптестеріміз Шуканова Аииза, Тасқалиева Әйгерім, Ахметова Гүлзада, Қуанышев Ерланға өз атынан «Алғыс хат» табыс етті.

Құттықтауға Атыраудан келген құрметті мейманымыз танымал ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев айтулы тойды пайдаланып ақын Айтқали Нәріковке «Талант» төсбелгісін және орталықты өрге сүйреп келе жатқан білікті басшы, өршіл ақын Бауыржан Халиоллаға Атырау облысы әкімдігінің «Махамбет» атындағы сыйлығын табыстап, иығына шапан жапты.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасы Батырханов Айдар Тапашұлы төмендегі қызметкерлердің өңірін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен жарқыратты.

Олар:

1. Тюлешева Диана Ахметқалиқызы
2. Бисенғалиев Айнабек Сағындықұлы
3. Мирланов Мұрадым Мирланұлы
4. Ихсанов Эльдар Ермекұлы
5. Қаленов Бекболат Рахметқалиұлы
6. Шакиров Ержан Берікұлы
7. Тасқалиева Әйгерім Қарасайқызы.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Алғыс хатымен»:

1. Камалова Жамиға Бергенғалиқызы
2. Темирова Сәуия Тілегенқызы
3. Шатекова Нұрсәуле Нұрболатқызы
4. Қайырғалиева Сандуғаш Серікқызы
5. Сабыров Мәди Сабырұлы
6. Ахметова Гүлзада Нәсіпқалиқызы
7.Қуанышев Ерлан Евгенийұлы.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С.Иманқұлованың «Құрмет Грамотасымен»:

1. Досқалиев Мұрат Мақсотұлы
2. Жумин Арман Бақтығалиұлы
3. Тұйяқ Мақсат Боранбайұлы
4. Меңдіқұлов Орынбек Нұрболатұлы
5. Шатекова Нұрсәуле Нұрболатқызы марапатталды.

Бес жылдық белестерді бірге бағындырған бірқатар қызметкерлер БҚО әкімі орынбасарының, БҚО Мәдениет басқармасының, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасының, Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының «Алғыс хаттарына» ие болды.
Елдің мәдениеті мен әдебиетіне қызмет қылуды мәртебе санайтын Қадыр орталығының алар асулары әлі алда.