
28-маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі. Мереке қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев Нәжмеденұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, елеулі үлес қосқан еңбектері үшін марапаттады.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің» күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер – журналистер қауымы өңіріміздің әрбір елді мекеніндегі тұрғындардың ақпарат алуына, ел игілі жолындағы жағымды жаңалықтардың жарықтануына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Бүгінгі жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.
Еліміздің даму жолында қаламдарыңыз мұқалмай, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, шара барысында ұзақ жылдар бойы өңір журналистикасының өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқаны үшін ардагер журналистер Қазақстан Республикасының Ақпара