Батыс жұртшылығы “Таза Қазақстан” акциясына белсенді қатысты

Батыс жұртшылығы “Таза Қазақстан” акциясына белсенді қатысты

 

Қазақстан халқының бірлігі күні Оралда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық күні өтті.

Іс-шараға жастар, қоғам өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен аға буын өкілдері белсенді қатысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жастармен бірге ағаш отырғызып, тазалық шарасының маңыздылығына тоқталды.

“Орал қаласының 10-шы шағын ауданында 400 түп ағаш отырғызылды. Жалпы биыл шаһарымызда 2 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда”- деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.