Қазақстан полициясы күні

Қазақстан полициясы күні

Құрметті полиция қызметкерлері, құрметті Ішкі істер органдарының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұрады.

Қызмет барысында сіздерге қауіп-қатер төніп тұрса да, қылмыспен, құқық бұзушылықпен күресіп жүресіздер. Әсіресе пандемия кезіндегі еңбектеріңіз орасан зор. Карантин уақытында қауіпсіздік пен тәртіпті аса жауапкершілікпен, абыроймен атқардыңыздар.

Сізді мақтан тұтатын, түсінетін, қолдайтын және әркез үйде күтетін отбасыларыңызға алғыс айта отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық және қызметте үлкен жетістіктер тілеймін!