
Форумның мақсаты бүгінгі таңда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп жүрген пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарға құрмет көрсету болды.
Онлайн-форум барысында өңір басшысы Ғ.Есқалиев пандемиямен күресте ерекше көзге түскен құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында ерекше көзге түскен мамандарды «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапаттады. Облыс әкімі аталған сала қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы уақытта да еңбектеріне табыс тіледі.