Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, қадірлі әріптестер!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!
Біздің елімізде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаларды іске асыру, халқымыздың әл-ауқатын арттыру әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігіне тікелей байланысты. Бұл үлкен жауапкершілік және зор құрмет.
Бүгінде мемлекеттік қызметкер заманға сай өз білімін үнемі жетілдіріп, адалдық пен ашықтықты ту етіп ұстауы тиіс.
Осындай кәсіби мереке күні Сізге мықты денсаулық, Қазақстан халқына қызмет етудегі игі ісіңізге сәттілік тілеймін!
Қүрметпен, БҚО әкімі Ғали Есқалиев