НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су тасқыны қаупі!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су тасқыны қаупі!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!



Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан саяжайлар мен бау-бақша серіктестіктерін су басу қаупі төнді.

Қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 728 см құрап, шекті деңгейіне жақындап қалды, сондай-ақ су әлі де келуде.

Әсіресе, Ет комбинатының аумағындағы: Венера, Речник, Желаев ауданы - Арматурщик, Учужный затон ауданы, Зачаганск кенті (Бор тау аумағы), Стеновик және 1, 2, 3 - ші саяжай қауымдастықтары орналасқан аумақтар!

Аталған аудандарда электрмен және газбен жабдықтау өшірілді!

Шұғыл түрде үйден кетуіңізді талап етеміз‼️‼️‼️

Келесі мекенжайлар бойынша ең жақын дайындалған уақытша орналастыру пункттері:
1. “Жекпе-жек” спорт кешені, Мөңкеұлы көшесі, 114,
2. Жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт залы, Айтиев көшесі, 72

Жеке құжаттарыңызды, ақшаларыңыз мен бағалы заттарды, өзіңізге қажет дәрі-дәрмектерді алу қажет!

Терезелер мен есіктерді мұқият жабыңыз! Үй жануарларын қалдырмаңыз!

Біз сізге үйден кетуге және жақын жердегі уақытша орналастыру пунктіне баруға кеңес береміз.