Өңір басшысы қалада бірнеше мәрте істен шыққан кәрізді қайта құру жұмыстарын, бейімдеу орталығының құрылысын, жол инфрақұрылымы мен шаһардағы тұралап қалған бизнес нысандарды аралады.
Ғали Есқалиев Орал қаласындағы айналма канализациялық коллекторының апатты учаскесінде болды. Қазіргі уақытта осы нысан бойынша жоба әзірленуде.
КНС-29-дан КТҚ қабылдау камерасына дейінгі диаметрі 500 мм су бұру желілерінің қайта салу жұмыстарын тексерді. Жобаның жалпы ұзындығы-3 700 м.
Сондай-ақ, аймақ басшысы 19А КСС және 19А КСС-тан Орал қаласындағы ұзындығы 15690 м КСС қабылдау камерасына дейінгі су бұру желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жобаның мердігерi "Мелиоратор" ЖШС болып табылады. ҚМЖ шығын сомасы 3,13 млрд. теңгені құрады. Бұл жүйе 120 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетеді. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2022 жылға белгіленген.
"Батыс Су Арнасы" басшысы өз баяндамасында канализацияның бұзылуының бірнеше себептерін атап өтті. Олардың бірі тұтынылатын су көлемінiң екі есе өсуiн жатқызды. Бұл ауа райының ыстық болуына, сондай-ақ суды себепсіз пайдалану, мысалы, суаруға пайдалануға байланысты.
Аймақ басшысы Зашаған кентіндегі "АТП Водстрой" қазандығының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыстың жалпы сомасы 554,4 млн. теңгені құрады.
Облыс әкімі жолдағы қалыптасқан жасанды кедір-бұдырлықтарды ауыстыру, суық пластиктермен жаяу жүргіншілер өткелін орнату, Саратов трассасы бойындағы жол белгілері мен бағдаршам нысандарын қарап шықты. Ағымдағы жылы 74 жаяу жүргіншілер өткеліне белгі салу жоспарланған. 50 жаяу жүргіншілер өтпесіне арналған ИДН жиынтығы сатып алынды. Орал қаласында тағы 35 бағдаршам орнату жоспарланған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз ету үшін Ғали Есқалиев осы бағытта үздіксіз жұмыс істеу мақсатында ИДН және жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату бригадаларының санын 3-тен 9-ға дейін арттыруды тапсырды. Облыс әкімі атап өткендей, жұмыс барысында пайдаланылатын жақсы сапалы ИДН жиынтығы қышқылдар мен сілтілердің әсерінен төзімділігі жоғары арнайы резеңке қоспалардан жасалған.
Облыс әкімі Оралдың қалалық келбетінiң сәнiн бұзып тұрған, қаланың орталық бөлігіндегi құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жағдайымен танысты. Өңір басшысы олардың құрылысын биылғы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл ретте іргелес аумақтарды да абаттандырудың аса маңызды екенін атап өтті.
Оралда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың бейімделу үйінiң құрылысы жүріп жатыр. 50 адамға арналған үй барынша ыңғайлы және үй жағдайына жақын болады. Бейімдеу орталығын ағымды жылы ашу көзделіп отыр.
БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметі