2024 жылдың 15 наурыз күні Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Н.Назарбаев даңғылы 201 үй мекен-жайы облыстық маслихат ғимаратында өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(778)592-3955 және электрондық мекен-жайға: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8(778)592-39-55 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.