4 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған « Crown Батыс» мал бордақылау орталығы қайтадан іске қосылмақ. Бағы жанбай келген бизнес нысанының атауы - «Yanaykino» мал шаруашылығы кешені болып өзгертілді.Бүгін Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғали Есқалиев бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпорынның алдағы даму жоспарымен танысты. Сондай-ақ өңір басшысы осы ауылдағы Батурин мектебінің құрылыс жұмыстарын қадағалады.