
Бүгін Ғали Есқалиевтің облыс әкімі қызметіне тағайындалғанына тура бір жыл. Осы уақыт ішінде Ғали Нәжімеденұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың басым бағыттарын айқындап, нақты жобаларды қолға алды. Былтыр облыста 1080 азаматқа жаңа пәтер кілттері табысталса, жыл басынан бері 114 мың 700 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 32 мыңнан астам халық мекен еткен 22 ауылға таза ауыз су жеткізіліп, оңтүстік аудандарға апаратын күре жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында біраз шаруа атқарылды.