
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Мемлекет басшысының өңірге инвестиция тарту бойынша тапсырмасы бар. Батыс Қазақстан облысы Финляндиямен бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын» - деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Финляндия Елшісі өз тарапынан әріптестікке дайын екенін жеткізді.
Аталған кездесу алғашқы болғандықтан, танысу бағытында өтті.
Кездесу соңында Нариман Төреғалиев Сойли ханымды алдағы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.