БҚО-да отыз мың адамға коммуналдық өтемақы беріледі

БҚО-да отыз мың адамға коммуналдық өтемақы беріледі

Төтенше жағдай кезеңінде берілетін коммуналдық төлемақыға 30 мың батыс қазақстандық өтінім білдіріпті. Күні бүгін 450 миллион теңге өңірдегі сумен, жылумен, газбен, жарықпен қамтушы және көң-қоқыс шығарушы кәсіпорындардың есепшотына аударылған. Төлемақы тұрғындардың 7 санатына тиесілі. Олар мүгедектер мен мүгедек бала тәрбиелеуші ата-аналар, көп балалы отбасылар, соғыс ардагерлері, төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер және атаулы әлеуметтік көмек алушы жанұялар. Бастапқыда азаматтар өз өтінімдерін тұрғын үй-коммуналдық басқармасының электронды поштасына жіберсе, мамырдың ортасынан бастап 15000.kz сайтында қайта рәсімдеуі қажет екен.   Бейімбет Мусин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындар «Жайық жылу қуат», «Батыс су арнасы» деген сияқты осы өтініштерді қарап, республикалық бюджеттен қарастырылған ақшаны есеп-шоттарына аудару жұмыстарын жүргізуде. Әлі де осы айдың аяғына дейін өтініштер қабылданады. Осы айдың аяғына дейін үлгірсе коммуналдық қызметтерге төлем алады.