Қолайсыз ауа-райына байланысты коммуналдық мекеме қызметкерлері түні бойы көктайғаққа қарсы жұмыс атқарды

Қолайсыз ауа-райына байланысты коммуналдық мекеме қызметкерлері түні бойы көктайғаққа қарсы жұмыс атқарды

 

13-нен 14 ақпанға қараған түні қалаішілік жолдарды тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге 60-тан астам техника тартылды. Құм-тұз қоспасын себуге 17 арнайы техника жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы шаралармен барлық қоғамдық көлік жүретін жолдар, тротуарлар қамтылды. Күн райы нашарлаған сәттен бастап 2 мыңға жуық тонна реагент пайдаланылды.

Коммуналдық мекеме мамандары бүгін қысқы күтіп-ұстау жұмысын жалғастырады.