Зертханалық сынама 3 пациенттен өздеріне дейін коронавирус инфекциясымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін, 22 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, ал 2 адамнан эпидемиологиялық қадағалау бойынша алынған.
Анықталған науқастардың 2-уі Бәйтерек ауданының, 1-еуі Жәнібек ауданының, 3-уі Жаңақала ауданының, қалған 21-і Орал қаласының тұрғындары.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығына да COVID-19 диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
09.06.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 845 адам тіркелген, оның ішінде 451-і індеттен жазылып шықты.