
Ағымдағы жылғы 7 ақпаннан облыс аумағында ауа райының нашарлауы, нақтырақ айтсақ, боран, екпіні секундына 20 метрге дейінгі, кей жерлерде секундына 23-25 метрге дейінгі қатты жел туралы дауылды ескертуге байланысты БҚО ТЖД-ның кезекшілік қызметіне осы кезең аралығында 73 хабарлама түсіп, пысықталды.
Олардың ішінде, автожолдардың жабылуы және ашылуы туралы жедел сипаттағы ақпараттар, электр энергиясының ажырауы – 38 ақпарат. БҚО ТЖД-ның бөлімшелері дабыл бойынша 35 шығулар жасады.
Ауа райының қолайсыздығы кезінде авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына 23 рет шықты. Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Казталов және Бәйтерек аудандарының автожолдарында қар құрсауында қалып қойған техникаларды алып шығу, адамдарды құтқару, эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 16 рет шықты, мұнда 70 адам эвакуацияланып (оның ішінде, 2-уі бала), 6 адам құтқарылып, 4 бірлік техника (2-уі ауыр жүк көлігі, 2-уі арнайы техника) тазартылған жол учаскесіне шығарылды.
Сырым ауданында уақытша орналастыру пунктіне 3 адам жеткізілді, оның 2-уі Қырғызстан азаматтары. Бөрлі ауданында құтқарушылар аяғы ауыр 2 әйел адамды, медициналық көмекке мұқтаж 2 азаматты медициналық мекемеге жеткізуге көмек көрсетті.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Ақжайық, Сырым, Казталов, Шыңғырлау аудандарында жүргізілді, оның барысында 6 адам құтқарылған болатын.
БҚО ТЖД-ның бөлімшелерінен авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 97 адам және 32 бірлік техника тартылған болатын, оның ішінде, өтімділігі жоғары ауыр бронды трактор, (АБТ, ГТТБ - гусеничный тягач тяжелого бронирования), ТРЭКОЛ, байланыс және хабарлама автокөлігі (БХА, АСО - автомобиль связи и освещения), вахта автокөлігі, УАЗ секілді техникалар тартылды.
Бүгінгі күні республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар барлық бағытқа ашық.
Облыс орталығы және Ақсай қаласында, облыстың 4 ауданының (Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау) 14 елдімекенінде 1091 санында электр энергиясын қосу бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бақылауда.
БҚО ТЖД-ның жедел штабының қауырт желісіне азаматтардан ақпараттық-анықтамалық сипатта және жедел психологиялық көмекке мұқтаж 26 қоңырау түсті.