
Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап ауа-райының қолайсыздығынан облыс көлемінде, яғни Орал қаласынының жартысында және 7 ауданның кей елді мекендерінде (Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) электр жарығы сөніп, жиырма мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.
Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 273 адам, 87 техника жұмылдырылып, бірқатар елдімекендер электр жарығына қосылды.
Нәтижесінде 7 ақпан 23:00-де Орал қаласы және 6 ауданның 58 елді мекенінде 17687 абонентке жарық берілсе, 8 ақпанда Бөрлі ауданының Ақсай қаласы, Бәйтерек, Теректі аудандары түгел жарыққа қосылды.
Ал бүгінгі 9 ақпандағы сағат 17-00 жағдай бойынша Орал қаласы бойынша ішінара 5 абонент және облыстың 2 ауданындағы 4 елді мекенде 234 абонент электр қуатысыз қалып отыр:
- Қаратөбе ауданы 231 абонент (Шалғын, Қоржын, Бесоба ауылдары);
- Бөрлі ауданы 3 абонент (ішінара Ақсай қаласы бойынша);
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "ЗапКазРЭК" ЖШС жүргізіп жатыр.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі