
Ағымдағы жылдың 6-7 ақпанында облыста әуе желілеріндегі табиғи құбылыстардың теріс әсеріне байланысты (желдің қатты күшеюі, сымдарда мұз бен қар жамылғысының пайда болуы) облыстың 5 ауданында (Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Ақжайық, Қаратөбе аудандары) және ішінара Орал қаласы бойынша электр қуаты үзілді.
Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 39 апаттық бригада мен 49 арнайы техника жұмылдырылды.
Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша облыстың және Орал қаласының ажыратылған аудандары бойынша электр беру желілерінің кернеуі қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, ӘЖ-10, ӘЖ-04 кВ ішінара ажырауына байланысты абоненттердің көптеген жеке өтінімдері бар.
Бөрлі ауданында абоненттердің 75%-ы электрмен жабдықтау бойынша қалпына келтірілді, Шыңғырлау ауданында Ақшат және Ақбұлақ ауылдары және Қаратөбе ауданының Егіндікөл, Қоскөл ауылдарында электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары ауа-райының жағдайымен және көлікке қолжетімділіктің шектелуімен күрделене түседі.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы күннің соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі