БҚО әкімі Нариман Төреғалиев 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичті туған күнімен құттықтады

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичті туған күнімен құттықтады

 

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Гапич Иван Степановичті туған күнімен құттықтады.

Ардагер 101 жасқа толып отыр.

«Сіздердің өшпес ерліктеріңіздің арқасында ұрпағымыз тыныш заманда өмір сүріп, елімізді дамыту жолында еңбек етуде. Ерлік жолыңыз – жастарға үлгі өнеге. Туған күніңіз құтты болсын, деніңізге саулық тілеймін»,  - деді Нариман Төреғалиев.

Иван Степанович өз еркімен майданға аттанып, Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысқан. Жаудың тылында жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен, сондай-ақ "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен және 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі