
Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Январцево ауылындағы жөндеуді қажет ететін мектептің қазіргі жағдайымен және ауданның бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Январцево ауылындағы мектеп-балабақша 1981 жылы салынған болатын. Өткен жылы «Жайық Мұнай» ЖШС-нен бөлінген қаражатқа терезелер, есіктер ауыстырылды, асхана, дәретханалар жөнделіп, акт және спорт залында жөндеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, өңір басшысы «Baystone» ЖШС-ның жұмысымен танысты. «Baystone» көкөніс өсірумен айналысатын облыстың белді серіктестіктердің бірі. Қазіргі таңда серіктестікке тиесілі жерде қуаты 1300 тонна құрайтын көтерме-тарату орталығын және көкөніс қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде. Құны 2,5 млрд. теңге болатын жобаны 2022 жылдың соңына қарай тапсыру жоспарланып отыр. Бүгінде жоба аясында 650 млн.теңге тұратын қойма салынды. Нәтижесінде 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
Сонымен қатар облыс әкімі «Заман» ЖШС және «Перспектива Кан» ЖШС жұмыстарымен танысты.
«Заман» ЖШС 1 800 га алқапта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізген. Ал меншігінде 646 бас ірі қара бар «Перспектива Кан» ЖШС 170 га арпа мен 134 судан шөбін еккен.
Биылғы жылы ауданда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,4 млрд.теңгеге дейін өсті. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ет өндіру көлемі 6611 тоннаға дейін, сүт 7907 тоннаға дейін, жұмыртқа 22 млн. данаға дейін өсті. Ауданда ірі қара мал саны 46725 басты құрап отыр.