Батыс Қазақстан облысында шаруалардың жұмысы ширайтын болды. Оларға 4 млрд теңгеден аса қаражат бөлініп отыр. Соның тең жартысы «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға беріледі. Несиені қаншай пайызбен үлестірмек?
«Еңбек» мемлекеттік бағдарлмасына қатысуға бел буғандардың бірі Көшім ауылындағы «Жаңабай» шаруа қожалығы екен. Шаруашылық басшысы жылына 6 процент жеңілдікпен 12 миллион теңге көлемінде несиеге қол жекізді. Осы қаржыға алдағы күзде төл беретін 300 бас қой сатып алыпты. 1 мың гектар жерде жылқы ұстап, өнімін өткізуді жолға қойған. Келешекте ірі қара мал басын көбейту де жоспарда бар.
Зәуре Жаңабаева, шаруа қожалығының басшысы:
Мал шаруашылығын дамытқысы келетіндерге бұл несие қолжетімді. Шарттары да оңай. Егер осы іске шындап ден қойып айналысса 2-3 жылда қаржыны мемлекетке қайтаруға болады деп ойлаймын.
Жеңілдетілген несиеге сұранс көп. Карантин кезінде арыздар онлайн тәсілімен де қабылданған. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде малдан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп сақтау мен ауыл кәсіпкерлігін дамытуға да несие беру көзделіп отыр.
Ербұлан Түшкенов, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры БҚФ директоры:
Несиелеріміз 6 пайызбен беріледі және көпбалалы аналарға немесе аз қамтылған отбасыларға 4 пайызбен беріледі. Мал шарушалылығын даымтуға біз 4 миллион теңгеге дейін береміз біз бастапқы кәсіпкерлерге. Зәкірлік кооперацияға қатысушыларға оларға 12 миллион теңгеге дейін береміз.Несие 6,5 жылға дейін беріледі.
Биыл осы бағдарлама аясында аймақтағы 700-дей бизнес жоба иелері 2 жарым миллиард теңге көлемінде несие алмақ. Оған ауылдағы жұмыссыз адамдар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар, сондай ақ жас кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік бар.
Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов