
Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Батаев Берік Әділгерейұлы тағайындалды. ⠀
Батаев Берік Әділгерейұлы - 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
⠀
Әр жылдары: ⠀
- БҚО, Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының экономисті; ⠀
- Алматы қаласы, «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ, «Үміт» Зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-да; ⠀
- БҚО, Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры; ⠀
- БҚО, Зеленов ауданының әкімі; ⠀
- Ақмола облысы, Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры; ⠀
- Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімі; ⠀
- ҚР Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
⠀
2019 жылдан бастап ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.