
Бүгін Батыс Қазақстан облысында өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің қатысуымен «Әділетті Қазақстан -Адал азамат» атты жас мамандармен кездесу жиынында Президенттік жастар кадр резерві туралы айтылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іліккен 4 маман басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп жүр. Ал, биылғы іріктеленіп алынған жастардың екеуі Батыс Қазақстан облысының тумалары. Оларды қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі